Nurdaulet Aidossov

Құрметті клиенттер!

Алматы мен еліміздің басқа да қалаларындағы оқиғаларды бақылап отырдым. Жақындарыма уайымдап, балаларға «ол Жаңа жылдағы салюттар» екенін айтып, жаңалықтарды үреймен күттім. Оған қоса, тірнектеп негізін қалаған бизнесім үшін уайымдадым. Бұл ретте мен сіздердің әрқайсыңыздың алдыңызда жауапкершілік тартамын.

Бүкіл ел болып аза тұттық. Біздің команда, рухы мықты болып, қауіпсіздік пен сіздің мүдделеріңізді қорғауға басымдық бере отырып, барлық жұмыс процесстерін қолдап, сізге қолдау көрсете отырып, жұмысын жалғастыра берді. Интернет желісінде және сыртқы трафикте шектеулер болды, банк аударымдары мен айырбастау функциялары жұмыс істемеді. Осыған байланысты кейбіреулеріңіз инвестициялық мүмкіндіктеріңізді жіберіп алдыңыздар, сол үшін кешірім сұраймын, бәріміз бұл форс-мажорлық жағдайдың кепілгері болдық.

Төтенше жағдай кезінде біздің команда кеңседе жұмыс істей отырып, қосымшамыздың оффлайн байланысын орнатып, өз кәсібилігін көрсетті. Сондай-ақ, еліміздің мемлекеттік органдарымен және инфрақұрылымымен белсенді өзара байланыста болды. Мен өз әріптестеріме өте ризамын, өйткені Jusan Invest - бұл сауда мен әлеуметтік желілердегі контентке арналған қосымша ғана емес, Jusan Invest - әрбір азамат өзінің әл-ауқатын заңды және ыңғайлы тәсілмен арттыру мүмкіндігіне ие болуы үшін инвестициялау бойынша үздік сервисті құру мақсатымен біріккен азаматтар командасы.

Осындай қиын кезеңде біз сіздің активтеріңіздің Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және Euroclear халықаралық депозитарийінде сенімді қорғалғанына, сақталуына және қауіпсіздігіне кепілдік береміз. Euroclear туралы айтатын болсақ, жергілікті кастодиандардан активтерді Қытай мен АҚШ ЖІӨ-сіне мөлшерлес әлемдегі ең ірі депозитарийге көшіру жөніндегі жобамызды уақытында аяқтағанымызға өте қуаныштымын. Сіздің активтеріңіздің сенімді сақталуы елдегі экономикалық және саяси жағдайға немесе біздің компанияның қаржы жағдайына байланысты емес, өйткені ҚР Заңына сәйкес клиенттердің барлық активтері брокерлік компаниялардың балансынан тыс сақталады және меншікті активтерінен бөлек есепке алынады.

Тәртіпсіздіктер барысында Jusan Invest мүлкі бүлінген жоқ, Алматы қаласындағы қызметкерлер қашықтан жұмыс істеп жатыр, Астана қаласында да санаулы қызметкер қашықтықтан жұмыс істейді. Компанияның активтері 90%-ға негізінен жоғары өтімді бағалы қағаздардан тұрады. Компания нарықтағы ең үлкен меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентіне ие, ол реттеушілік минимумнан 13 есе артық. 31.12.2021 жылғы жағдай бойынша және бүгінгі күнге дейін Jusan Invest реттеушілік талаптар мен пруденциялық нормативтерді бұзған жоқ.

Jusan қосымшасындағы "Инвестициялар" бөлімі бұрынғы режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Біздің команда әрқашан байланыста және сіздің кез келген сұрақтарыңызға жауап беріп, көмектесуге дайын.

Инвестициялауыңызды бұрынғы режимде жалғастыру үшін біз қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз. Алға қойған жоспарларымыз бен мақсаттарымыздан ауытқымай, сіздерді жаңа өнімдермен және сервистерді жетілдірумен қуантуды жалғастырамыз.

Біздің клиенттерге қызмет көрсету сервисі сіздердің сұрақтарыңызға стандартты байланыс арналары арқылы жауап беруге дайын.

Cіздерге сенім артқаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын және бірге кез келген қиындықты еңсере алатынымызға сенімдімін, ал Jusan Invest бұл ретте әрқашан сіздің сенімді серіктесіңіз болады.

Осы ретте Jusan Invest ұжымы атынан зардап шеккендерге және олардың отбасыларына көңіл айтамын, сондай-ақ қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге атсалысқандардың барлығына шексіз алғысымды білдіремін.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Құрметпен, Нұрдәулет Айдосов.
Jusan Invest Басқарма Төрағасы.

Баспасөз-релизін жүктеу