Jusan Invest-тегі брокерлік шоттардың саны 100 мыңнан асты

2022 жылдың 28 ақпанында Jusan Invest-те ашылған брокерлік шоттардың саны 100 мыңнан асып, бұл өз кезегінде Jusan Invest-ті Қазақстандағы брокерлік компаниялар арасында көшбасшыға айналдырды. Аталған көрсеткішке Jusan Invest рекордтық 1,5 жылдың ішінде қолжеткізді. Jusan Invest заманауи инвестициялық платформа жасап, оны Jusan қосымшасына интеграциялады. Сонымен бірге, Jusan Academy білім беру платформасы мен инвесторларға арналған Radar әлеуметтік желісін жасады.
«Бұл біздің компания үшін тарихи күн. Осындай қысқа уақыт ішінде нарықта көшбасшыға айналу үшін қыруар уақыт пен команданың көп еңбегі жұмсалды. Тағы бір рет бизнесте мүмкін емес істің жоқ екеніне көз жеткіздім. Бізге сенім артқан клиенттерімізге алғыс білдіремін. Біз әрі қарай кемелденуді және сіздерді қуантуды жалғастыра береміз»,
-деді Jusan Invest Басқарма Төрағасы Нұрдәулет Айдосов.
Анықтама:
Jusan Invest АҚ – инвестициялық брокер және зейнет активтері мен клиенттердің активтерін басқаратын компания.
Jusan academy – қаржы сауаттылығынн арттыруға арналған тегін білім беру жобасы. Тәулік бойы қол жетімді курстар, тиімді онлайн формат, семинар мен вебинарлар, сондай-ақ, пайдалы сайттар және әдебиеттер жинағы барынша білім алуға мүмкіндік береді. Күн сайын Jusan Academy-де Jusan Invest-тің 1000-нан аса клиенті білім алады.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз