Жеке басқарушы компанияның зейнетақы активтерін орналастыруының алғашқы қорытындылары

20,37% - 15.03.2021 - 31.03.2021 кезең аралығындағы «Jusan Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жылдық мәндегі табысы.

«Jusan Invest» АҚ зейнетақы активтерін басқарудың бірінші айының нәтижесі туралы хабарлайды.

Ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында «Jusan Invest» АҚ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ–мен (бұдан әрі-БЖЗҚ) жасалған шарт аясында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға кірісті. .

БЖЗҚ мәліметінше, 15.03.2021-31.03.2021 ж. кезеңі аралығында салымшылар басқарушы компанияларға 1 653 млн теңге зейнетақы жинағын аударды. Аталған кезеңде сенімгерлік басқаруға тек «Jusan Invest» АҚ-ға 658 млн теңгеден аса сома аударылған немесе барлық басқарушы компанияға берілген зейнетақы жинағының жалпы мөлшерінің 40%-ға жуығы.

Осылайша, «Jusan Invest» АҚ науқан басталғалы ҚР-дағы барлық басқарушы компания арасында зейнетақы активтерін басқаруға берілген өтінімдер саны мен аударылған ақша мөлшері бойынша көшбасшы болып табылады.

«Jusan Invest» АҚ-ға аударылған зейнетақы жинақтары активтер класы, индустриялар, елдер, валюталар және тәуекелдер бойынша теңдестірілген портфельге инвестицияланды. Портфельдің қорғаныш бөлігін ҚР тәуекелсіз активтері құрайды (үлесі - 60,11%). Портфельдің кіріс бөлігінде мынадай акциялар бар: дамыған және дамушы елдердің ірі компаниялары, болашағы бар инновациялық компаниялар мен алтын өндіру компаниялары (үлесі - 39,64%).

15.03.2021-31.03.2021 ж. кезеңінде «Jusan Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табысы жылдық мәнде 20,37% - ды құрағанын атап өту керек.

Зейнетақы активтерін басқару қызметінің нәтижелері туралы мына сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады. .

«Jusan Invest» АҚ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 11.06.2019 ж. № 3.2.239/16 бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиясы.

Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз