12 сәуір 2022 г.

"Jusan Invest" АҚ директорлар кеңесінің 2022 жыл 11 сәуіріндегі №11/04/22-01 шешіміне сәйкес:

«Jusan Invest» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиынында 11.04.2022 жылдың № 11/04/22-01 шешіміне сәйкес:
«Jusan Invest» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Нұрдәулет Ғалымұлы Айдосов сайланды. Осылайша, 2022 жылғы 11 сәуірден бастап Қоғамның Директорлар кеңесі құрамы келесідей болады:
  1. Директорлар кеңесінің төрағасы – Айдосов Нұрдәулет Ғалымұлы
  2. Директорлар кеңесінің мүшесі – Кабанов Максим Владимирович
  3. Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор – Жамалов Санжар Еркебайұлы
Бұған дейін Нұрдәулет Ғалымұлы Айдосов «Jusan Invest» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. 2022 жылдың 15 наурызында «First Heartland Jusan Bank» АҚ басқарма төрағасы қызметіне ауысты.
Нұрдәулет Ғалымұлы төрағалығымен Jusan Invest қысқа мерзімде жоғары нәтижелерге қол жеткізді, соның ішінде:
  • Компания Jusan Academy тегін білім беру платформасын, сондай-ақ инвесторларға арналған Radar атты әлеуметтік желіні іске қосты.
  • Jusan Invest Euroclear халықаралық депозитарийінде тікелей шот ашқан алғашқы қазақстандық бөлшек брокер атанды. Бұл Jusan Invest-ке клиенттік активтерді сақтау сенімділігін барынша арттыруға мүмкіндік береді.
  • 2022 жылдың ақпан айында Jusan Invest-тегі брокерлік шоттардың саны 100 000-нан асып, жергілікті брокерлік компаниялар арасында көшбасшыға айналды.
  • Компания экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік, корпоратив басқару және этикалық инвестиция салаларындағы ESG қағидаттарын толығымен енгізу арқылы корпоративтік басқаруды нығайтты. Осының барлығы Компанияның тұрақты даму саласындағы негізгі принциптері мен элементтерін біріктіреді.
  • Компания Capital Finance International және Global Banking & Finance Review сияқты халықаралық басылымдар мен AIX халықаралық қор биржасы тарапынан бірнеше рет марапатталды.
Анықтама:
Айдосов Нұрдәулет Ғалымұлы – «First Heartland Jusan Bank» АҚ басқарма төрағасы, халықаралық және жергілікті инвестициялық компанияларда бағалы қағаздар нарығында 14 жылдан астам тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек сіңірген қаржыгер» Қоғамдық орденімен марапатталған.
Кабанов Максим Владимирович – «Jusan Invest» АҚ Басқарма Төрағасы, Қазақстан мен Ресейдің капитал нарықтарында, инвестициялық және қаржы секторларында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.
Жамалов Санжар Еркебайұлы, CFA – Директорлар кеңесінің мүшесі, 2022 жылдың ақпанынан бастап «Отбасы Банк» АҚ-тің тәуелсіз директоры. Банктің Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы, Банктің Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау және корпоративдаму комитетінің төрағасы, Тәуекелдерді басқару комитетінің мүшесі.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз