2022 жылдың 5 сәуірінде «Mегастрой ЛТД» ЖШС жалпы көлемі 6,1 млрд теңгеге (ISIN: KZX000000666) облигацияларды толық өтеуді жүзеге асырды. «Jusan Invest» АҚ шығарылым бойынша андеррайтер және қаржылық кеңесші болды.

«Mегастрой ЛТД» ЖШС (BI Group компаниялар тобына кіреді) қысқа мерзімді облигацияларын орналастыру 2021 жылдың 31 наурызында АХҚО алаңында жүзеге асты. Облигациялар бойынша купондық мөлшерлеме жылдық 18%-ды құрады. Купондық төлем жылына 2 рет қарастырылған. Номиналды бағасы 1000 теңгені құрайтын бір құнды қағаз бойынша купондық кіріс төлемінің сомасы бүкіл айналым кезеңі үшін 180 теңге болды, купондық төлемдердің жалпы сомасы 1 098 000 000 теңгені құрады.
Купондық кірісті төлеу және толық өтеу мақсатында облигациялар иелерінің тізімі 2022 жылғы 30 наурызда жасалды.
Қазіргі уақытта айналымда 6,65 млрд теңге (ISIN: KZX000000773) және 6,0 млрд теңге (ISIN: KZX000000906) сомасында «Meгастрой ЛТД» ЖШС облигацияларының өтеу мерзімі 2022 жылдың шілдесіне, 2022 жылдың қарашасына келетін екі шығарылым бар.
“Бұл оқиғаның жүзеге асуына өз үлесімізді қосқанымызға өте қуаныштымыз. Аталмыш мәміле ең талапшыл бөлшек инвесторлардың мен эмитенттердің сенімі мен шынайы қызығушылығын тудырады”, - деп пікір білдірді Jusan Invest Басқарма Төрағасы Максим Кабанов.
Анықтама:
BI Group - Әлемдік ENR TOP 250 GLOBAL CONTRACTORS құрылысшылар рейтингі құрамына кіретін, Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының көшбасшысы. 26 жыл ішінде компания 6 миллион шаршы метрге тұрғын үйге салып, сенімді құрылыс компаниясы беделіне ие болды. Бүгінгі таңда BI Group - құрылыстың, дамудың және инжинирингтің түрлі салаларындағы бөлімдер мен дирекцияларды қамтитын ірі әртараптандырылған холдинг.
Jusan Invest АҚ – инвестициялық брокер және зейнет активтері мен клиенттердің активтерін басқаратын компания. Jusan Invest «Мегастрой ЛТД» ЖШС облигациялар шығару жобасындағы андеррайтер қызметін атқарады. 2021 жылы Meгастрой ЛТД үш облигация шығарылымын орналастырылды. Қазақстанның кез келген жеке инвесторы облигациялардың барлық шығарылымға қатыса алады.