Jusan Invest Қазақстанда балаларға арналған Алғашқы инвестициялық қосымшаны іске қосты

banner
Өскелең ұрпақ арасында қаржы сауаттылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ, Балаларды қорғау күні қарсаңында Jusan жаңа Jusan Junior қосымшасын іске қосты. Онда 10 және 16 жас аралығындағы жасөпірімдерге арнап жасалған видеороликтер арқылы білім алып, инвестициялау өнерімен танысады және қор биржасында іс жүзінде тәжірибе жинай алады.

Әлеуметтік жауапкершілікті негізге ала отырып, ESG саясаты аясында Jusan жас ұрпаққа қаржылай сауаттылықты және қор нарығында инвестициялау тәжірибесін ерте жастан үйренуге көмектеседі. Jusan Junior қосымшасындағы академияда жасөспірімге ақша үнемдеуді, жеке бюджетті жоспарлауды және алаяқтарды анықтауды үйренуге болады. Академиядан бөлек, қосымшадағы «миссиялар» бөліміне өтіп, оқыған материалды қайталап және математикалық ойлауды дамытуға арналған есептерді шеше алады. Қосымша қызықты тапсырмалар, сондай-ақ жасөспірімдерге оқу материалын меңгеруге көмектесетін және олардың алғашқы портфелін жасауға шабыт беретін пайдалы және қызықты дүниелерге үнемі толтырылып отырады.

Инвестициялауды үйрену қызықты өтуі үшін қосымшаны қолданып бастаған сәттен, балаларға әр түрлі мәртебе белгілері табысталады.

Ата-анасының бақылауымен ғана бала қор биржасында сатып алу операцияларын жасай алады. Арнайы шот ашылған соң, балаға брокер бөлімі қолжетімді болады. Онда бала мәмілелерді бастаушы болады, ал үлкендер баланың қаржы амалдарын және құнды қағаздар бағасы мен мөлшері жағын өзінің Jusan қосымшасындағы "Инвестициялар" бөлімі арқылы бақылауда ұстайды. Jusan Junior қосымшасы балаға сату мен сатып алу мәмілелерін бастауға мүмкіндік берсе, ал ата-ана субшоттың иесі ретінде сол операцияларды жүзеге асырады. Сондай-ақ, баланың инвест портфелін кез келген уақытта тексере алады.

Мысалы, АҚШ-та 2021 жылы балалардың 6%-ы инвестициялық шот ашқан, ал жас америкалықтардың 49%-ында банкте депозиті бар.
statistics

Жас кезде адамда уақыт қоры көп, соның арқасында қиын пайыз эффектісін толық көруге болады. Әлемге әйгілі Уоррен Баффет инвестициялауды 12 жасында бастаған, қазір оның байлығы 100 млрд доллардан асқан.

“Jusan Invest» өз жұмысын бастаған үш жылдан бері үлкендерге де, жас өспірімдерге де тұрақты түрде әр түрлі қаржы сауаттылығы курстарын тегін өткізіп келеді. Біз бұл дәстүрді әрі қарай дамытып, жалғастыра беруге ниеттіміз. Балаларды қорғау күні қарсаңында Jusan Junior қосымшасын іске қосамыз. Онда кішкентай қазақстандықтар инвестиция мен қаржы сауаттылығын тегін үйрене алады және қазақстандық қор биржаларда инвестиция жасап, тәжірибе жинай алады. Әрине, бұның бәрі үлкендердің бақылауымен жүзеге асады”,
-деді Jusan Invest басқарма Төрағасы Максим Кабанов.
Анықтама:
Jusan Invest АҚ – инвестициялық брокер және зейнет активтері мен клиенттердің активтерін басқаратын компания. Жергілікті нарықта ашылған шоттар саны жағынан көшбасшы компания. Сондай-ақ, Cbonds Awards CIS бойынша «Қазақстандағы 2021 жылдың үздік онлайн брокері», Global Banking & Finance Review бойынша «Активтерді басқару бойынша үздік компания 2021» және Astana International Exchange бойынша «Үздік инвестициялық банкинг командасы» секілді марапаттарға ие.

Jusan Junior - 10 мен 16 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған инвестициялық және білім беру қосымшасы.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз