Jusan Invest ескертеді – алаяқтардан сақ болыңыз!

Құрметті клиенттер!
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілелерде және youtube-арналарда жарнаманы пайдаланып, алаяқтық әрекеттер жүзеге асып жатыр. Сондай-ақ, инвестицияға арналған деген жалған атпен неше түрлі сайттар жұмыс істейді. Жеке деректерді қолданып, алаяқтар клиенттерге хабарласып, құнды қағаздарды сатып алу үшін ақша аударуды ұсынады.
award
Назар аударыңыз:
Jusan Invest іскерлік байланыс орнатпаған әлеуетті клиенттерге телефон арқылы хабарласпайды. Jusan Invest клиенттерге тек ресми сайт, әлеуметтік желідегі корпоратив парақшалар, сондай-ақ, келісімін ала отырып, SMS және Jusan Инвестицияларда тіркелген электронды пошталар арқылы ғана хабарлама жібереді.
Jusan Invest клиенттерге үшінші тұлғалардың шотына немесе төлем карталарға ақша аударуды ұсынбайды. Қор нарығында құнды қағаздар сатылымымен айналысу үшін клиент жеке брокерлік шот ашуы керек (шот ашу үшін өтінім береді) және оны жеке өзі толтырады. Брокерлік шоттарды Jusan қосымшасында және банк бөлімшелерінде ғана толтыруға болады.
Алаяқтардан сақтанып, Интернеттегі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Сондай-ақ Fingramota.kz оқыту порталындағы «Алаяқтардан сақ болыңыз» бөлімінде алаяқтардың негізгі белгілері мен схемалары туралы ақпаратпен танысуды ұсынамыз.
Алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен болсаңыз, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне хабарласуыңыз қажет.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз