NEF Qazaqstan LLP облигациясын ұстаушыларға үндеу

Қайырлы күн, құрметті инвесторлар!

Былтыр қараша айында биржаға орналастырылған және 2023 жылдың 30 қарашасында өтелуі тиіс NEF Qazaqstan LLP (NEF.1123) облигацияларына ие барша инвесторларға үндеу жасағым келеді.

Өкінішке қарай, эмитент дефолтқа ұшырады және негізгі қарыз бен купондық сыйақыларды бекітілген уақытта төлей алмады. AIX биржасында эмитент жариялаған ақпаратқа сәйкес, негізгі қарыз көлемі 4 022 315 000 теңге, ал купон бойынша қарыз сомасы 402 231 500 теңгеге тең. Дефолт қор нарығында өте сирек оқиға болғанымен, Қазақстанда алғаш рет болып жатыр деп айта алмаймыз. Сонымен қатар, бұл AIX алаңындағы алғашқы дефолт болып тұр. Баршамыз үшін аталған процедура жаңа болғанымен, AIX механизмдері осындай жағдайларға арналған және оларды мүмкіндігінше пайдалану қажет.

Көпшілігіңіз мұндай жағдайға алғаш рет кезігіп тұрсыз және не істеу керек екенін білмеуіңіз мүмкін. Мен қазір жасауға болатын барша ықтимал амалдар мен мүмкіндіктер туралы айтуға барымды саламын. Бұған дейін AIX сайтында NEF өзі және кепілгер атынан 2023 жылдың 21 желтоқсанынан кешіктірмей төлемдер жасалатыны жайлы хабарландыру берді. Хатта көрсетілген күнде де төлем жүзеге аспады. Кеше эмитент кепілгермен бірге тағы бір хабарландыру жариялады. Онда төлем уақытын 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін созуды сұрады.

Енді осы жағдайда инвестор не істеуі керек? Өз инвестицияңызды қайтарып алуға көмектесетін бүкіл мүмкіндікті қарастыруды ұсынамын. Менде NEF қарызын өтеу үшін қаражатты қалай және қандай мерзімде жинайтыны туралы ақпарат жоқ, бірақ алдымен төмендегі формаға талабыңызды жазып, reception@nefuptown.kz поштасына жіберіңіз.

Jusan Invest және АХҚО командасы эмитентпен тұрақты байланыста. Бірақ бұл жерде сіздің құқығыңыз бұзылғанын түсінуіңіз керек және облигация иесі ретінде эмитентке сіз талап қоя аласыз. Ал біздің міндет - осы жағдайда сізге барыша көмек көрсету. Сіз өзіңіз АХҚО сотында info@aifc-court.kz, поштасы бойынша эмитент пен кепілгердің үстінен арыз түсіре аласыз. Оның ішінде АХҚО аккредиттелген заңгерлерді тарта аласыз. Заңгерлер тізімін бұған дейін жариялаған едік және қазір қайта назарларыңызға ұсынамыз. Сонымен қатар, АХҚО-ның штаттағы заңгерлері Сізге жан-жақты көмек көрсетуге дайын.

Сіздер бірлесе отырып, эмитенттің үстінен ұжымдық арыз түсіре аласыз. Бұл сіздің сотқа кететін шығындарыңызды азайтып, ақпарат алмасуды жеңілдетіп, топпен күшті шоғырландыруға көмектесетінін атап өткім келеді. Біздің команда сіздерге кез келген сұрақ бойынша барша кезеңде қолдау көрсетуге дайын.

Назар аударыңыз:

  • қор нарығында тәуекелсіз құралдар жоқ. Борыштық құралдар үшін тәуекелі ең төмендері әдетте ААА деп бағаланған құралдар болып саналады. Тәуекел әрқашан кіріске кері пропорционал болып келеді. Бұл туралы ұмытпаңыз. Қазақстанның егемендік рейтингі ВВВ деңгейінде және инвестициялық дәрежеге кіреді. Қазақстандық компаниялар болып саналатын барша эмитент рейтингі де осыған ұқсас немесе одан төмен болады.
  • біз Jusan Academy-де үнемі пайдалы ақпаратты бөлісіп отырамыз. Академиядағы курстардан өтуге кеңес беремін және олардың барлығы тегін. Курстарды біздің мобильді қосымшаның “Академия” бөлімінен таба аласыз. Жуық арада облигацияға тереңдеп талдау жасау туралы курсты қосамыз.
  • сізге бұл жағдайда белсенді позиция ұстануды және сонымен бірге шыдамдылық танытуды ұсынамын, өйткені мәселені шешу АХҚО сотында да, эмитент пен кепілгердің әрекетіне қатысты да ұзақ уақыт алуы мүмкін. Біздің команда барлық қолда бар байланыс құралдарын пайдалана отырып, осы тақырыпқа қатысты барша жаңалықтар туралы сізге дер кезінде хабарлап отырады; Мен Telegram-дағы осы тақырып бойынша арнамызға қосылуды ұсынамын (қалай қосылу керектігін білмесеңіз, бізге хабарласыңыз).
  • NEF қор нарығындағы көптеген облигациялар эмитенттерінің бірі. Ол туралы қосымша ақпаратты Nef Uptown: Новая концепция жизни корпоративтік веб-сайтынан ала аласыз. Шығарылымға қатысты барша құжаттар, эмитенттің қаржы есебі, кепілгер туралы ақпарат осында орналастырылған: NEF Qazaqstan LLP (NEF.1123) | AIX
  • шығаралым кепілгері түркиялық TİMUR GAYRİMENKUL GELİŞTİRME YAPI VE YATIRIM деген компания. Кепілгердің бірінші жарты жылдағы қаржы есебін мына сілтемеден таба аласыз: MRA.Disclosure Document Display Form (onk2.com)
  • Jusan өз клиенттеріне барынша қолдау көрсетеді. Кез келген мәселе бойынша хабарласыңыз: +7(707)264-40-00 info@jusaninvest.kz

"Jusan Invest" АҚ Басқарма Төрағасы Тимур Салимов

Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз