«Эйр Астана» тобы IPO аяқталғаны туралы мәлімдейді

Құрметті клиенттер, «Эйр Астана» тобының IPO-cs аяқталғаны туралы хабарлаймыз. Компания бір уақытта үш биржада (AIX, KASE, LSE) акцияларын орналастырғаны туралы айта кетейік. IPO кезінде жалпы тартылған сома көлемі 370 млн АҚШ долларын құрады (қосымша орналастыру опционы толық орындалған жағдайда), бұл Топтың шамамен 847 миллион АҚШ доллары бағалауына сәйкес келеді. Бөлшек инвесторлардың 97,8% өтінімдері толық көлемде қанағаттандырылды

ІРО-ға қатысу үшін келіп түскен өтінімдер саны қазақстандық инвесторлар, бөлшек және институционал, сондай-ақ халықаралық инвесторлар қауымдастығының қолдауы арқасында бастапқы ұсыныстан асып түсті. Ұсыныстың 58% -ы жергілікті инвесторлар арасында, 42% -ы халықаралық инвесторлар арасында орналастырылды.

Қазақстан нарығында жалпы сұраныс 483 миллион АҚШ долларынан асты. Бөлшек инвесторлар шамамен 216 миллион АҚШ доллар көлеміндегі «Эйр Астана» IPO-на 60 мыңдай өтінім берді. Бөлшек инвесторлар тарапынан жалпы сұраныстың 53% қанағаттандырылды. Қазақстандық институционалдық инвесторлар (зейнетақы қорын қоса алғанда) олардың тарапынан жалпы сұраныстың 38% -ға жуығын алды, халықаралық инвесторлар орналастыру кезінде өз тарапынан жалпы сұраныстың шамамен 25% алды

Өтінімдерді әділ бөлу және басқа халықаралық орналастыруларға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін 30 000 АҚШ доллары 2 немесе одан төмен сомаға бөлшек инвесторлардың тапсырыстары 30 000 АҚШ долларынан асатын қалдық сома негізінде сұраныстың қалған бөлігін барабар бөлумен толық жасалды. Нәтижесінде бөлшек инвесторлар тапсырыстарының 97,8% толық көлемде орналастырылды.

IPO аясында Топ өзінің өсу деңгейінің келесі кезеңін жеделдету үшін 120 миллион АҚШ доллар тартты.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және BAE Systems (Қазақстан) Лимитед (қазіргі акционерлер) өз үлесін қосымша орналастыруға арналған опционды толық орындаған кезде тиісінше 41,0% және 15,3% дейін қысқарта отырып, Акцияларды (немесе Акцияларды білдіретін ЖДҚ) сатты.

Қосысша ақпаратты әуе компания сайтынан таба аласыз: http://www.airastana.com/.

*Акциялар бойынша өтінімдер 1073,83 теңге және одан жоғары және ЖДҚ бойынша $9,5 және одан жоғары.

*ЖДҚ бойынша $30 мың және акциялар бойынша 13,5 млн теңге

Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз