ҚНРДА құрылымдық ноталарға қатысты шешімі туралы

Құрметті клиенттер,
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Jusan Invest клиенттерінен бірінің сұрауы бойынша құрылымдық ноталар сату процесіне байланысты жіті тексеріс өткізді.
Тексеріс қорытындысы бойынша, Jusan Инвестициялары мобильді қосымшасында компанияның «Сезон изобилия» құрылымдық ноталарының құны нақты уақыт режимінде көрсетілмегенін есепке алмағанда, компанияның брокерлік қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері анықталмады. Бұл функция инвестордың қаржы құралын сатып алу әлде сатып алмауға қатысты шешімде негізгі факторы емес екенін атап өткіміз келеді.
Құрылымдық ноталарды сатып алған барша клиенттер ең алдымен ақпаратпен танысып, «Өнімнің жұмыс сценарийі» құжатына қол қойған. Ол құжатта қаржылай құралдың жұмысы туралы мәлімет берілген. Қол қойылған барлық құжаттар және клиенттің сұрауына қатысты басқа да мәліметтердің көшірмесі реттеушіге тексеру үшін берілді.
Осы тексеру ісіне қатысты ҚНРДА құжаттарда қолданған сөйлемдерге өзгеріс енгізбей, жалған ақпарат таратпауыңызды сұраймыз.
Тексеру нәтижелері бойынша реттеуші ұйымның шешімін бөлісе алмаймыз, өйткені құжат құпия болып саналады. Дегенмен, шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарату және ондағы қолданылған сөздердің бұрмалануы, контекстен тыс алынған сөз тіркестерін басқа инвесторлар дұрыс түсінбеуі мүмкін.
Біз тәуекелі жоғары қаржы құралдарына сатып алған және инвестициясы ақталмаған инвесторларға шын жүректен түсіністікпен қараймыз. Сонымен қатар, біз клиенттерден инвестициялық шешім қабылдау кезінде және қаржы өнімдерін таңдаған сәтте барша тәуекелдерді мұқият қарастыруды сұраймыз. Біздің болжамдарымыз бен ұсыныстарымыз тек ақпараттық мақсаттарға арналған. Брокерлік компания ретінде біз мұндай тәуекелді құралдардан кіріске кепілдік беруге құқығымыз жоқ.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз