Air Astana IPO жай акцияларын орналастырудағы күтілетін баға туралы хабарлама

Қымбатты клиенттер, Air Astana компаниясы және оның акционерлері IPO кезінде жай акциялар бағасы қаншадан болатыны туралы жариялады. Бір акция құны 2,38 АҚШ доллар көлемінде болатынын күтеміз.

Сонымен қатар, жария орналастыратын акциялармен бірге жаһандық депозитарлық қолхат (ЖДҚ) та ұсынылады. Акциялар – оның базалық активіне кіреді. Бір ЖДҚ 4 акцияға тең және London Stock Exchange және Astana International Exchange листинг жасайды.

Окончательная цена за акцию будет установлена в тенге и будет равна окончательной цене предложения за ГДР, разделенной на четыре, конвертированной в тенге по официальному курсу Национального Банка Казахстана, действующему на дату, предшествующую дате определения окончательной цены акций (8 февраля 2024 года).

Акцияның қорытынды бағасы теңгеде бекітіледі және Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген күннің алдындағы (2024 жылғы 8 ақпан) ресми бағам бойынша теңгеге конвертацияланған әрі төртке бөлінген бір ЖДҚ бағасына тең болады. (2024 жылғы 8 ақпан).

Jusan Invest арқылы Астана уақытымен 8 ақпан сағат 12:00 дейін өтінім беруге болатынын еске саламыз.

Өтінім беру жайлы нұсқаулықты видеодан қараңыз.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, біздің Клиенттерге қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Қоңыраулар үшін: +7(707)264-40-00 немесе
+7 (700) 511 1000 номерімен WhatsApp-қа жазыңыз.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз