Jusan Invest-ке бағалы қағаздарды онлайн аударуға болады!

Құрметті клиенттер, Jusan Invest-ке басқа брокерден бағалы қағаздарды аудару операциялары жеңілдетілгені туралы хабарлаймыз. Енді оны Jusan мобильді қосымшасы арқылы онлайн жүзеге асыруға болады. Ол үшін келесі қадамдарды жасау қажет:

  • Сіз бұрын қызметін қолданған брокерлік компанияның менеджері арқылы бағалы қағаздарды аударуға өтінім бересіз;
  • Jusan мобильді қосымшасын жүктеп, 5 минуттың ішінде брокерлік шот ашасыз;
  • “Инвестициялар” бөлімінде бағалы қағаздарды сіздің шотыңызға есепке алуға арналған қарсы өтінімді онлайн бересіз.

Бағалы қағаздар аударымы 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асады.

Жаңадан келген және қазіргі инвесторларға Jusan Invest не ұсына алады?

Бір мобильді қосымшада сақтандыру компаниясы, дүкен, брокер және банк қызметтерін қамтыған Jusan экожүйесі бар. Jusan банк картасынан брокерлік шотқа ақшаны комиссиясыз аударуға болады.

Компаниядағы Аналитикалық зерттеулер басқармасы департаменті тарапынан инвесторларға қолдау көрсетіледі. Әр жұмыс күні сағат 09:30-де “JI Аналитика” телеграм арнасында тікелей эфирге шығып, Қазақстан және әлемдегі нарық жаңалықтарына шолу жасайды. Сондай-ақ, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді. Тікелей эфирге кез келген адам қатыса алады.

Jusan клиенттері өз тәжірибесін бөлісіп, нарықтағы жаңалықтарды өзара талқылауға болатын, инвесторларға арналған Radar әлеуметтік желісі бар.

Сізді қызықтырған сұрақтар болса, support@jusaninvest.kz поштасына немесе +7 (700) 511 1000 номері бойынша Whatsapp-қа жазыңыз. Барша сауалға қуана жауап беруге әзірміз.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз