AIX Jusan Invest-ті екі номинация бойынша марапаттады

1 наурызда Astana International Exchange 2023 жылдың қорытындысын шығарып, 9 номинация бойынша үздік брокерлер мен биржа қатысушыларын марапаттады.
Jusan Invest «Үздік Lead Manager» және «Үздік жасыл облигациялар» номинациялары бойынша көшбасшы атанды.
Айта кетейік, былтыр да компания қатарынан екі номинацияны жеңіп алып, «Бөлшек сегментті дамытқаны үшін» және «Борыштық бағалы қағаздар бойынша үздік инвестициялық банкингтің командасы» аталымдарымен марапатталған еді.
Jusan Invest компаниясын таңдап, бізбен бірге болғаныңыз үшін рахмет!
AIX - 2017 жылы Астана халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлерінің қатарына АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ кіреді. Биржа ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген реттеуші ортада жұмыс істейді, осылайша инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін сенімді шарттармен қамтамасыз етеді.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз