Мына веб-сайттардағы ақпарат кез келген юрисдикцияда, мұндай ұсыныс немесе шақыру рұқсат етілмеген жағдайда немесе мұндай ұсыныс немесе шақыру кез келген тұлға үшін заңсыз болған жағдайда, «Эйр Астана» акционерлік қоғамының бағалы қағаздарын сатып алуға ұсыныс немесе шақыру болып табылмайды. Мұндай ақпараттың әлеуетті пайдаланушылары тиісті шектеулермен дербес танысып, олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай шектеулерді сақтамау кез келген осындай юрисдикцияның заңдарын бұзуы мүмкін.

Келесі беттерде талқыланған кез келген бағалы қағаздарды 1933 жылғы Америка Құрама Штаттарының Бағалы қағаздар туралы Заңына сәйкес (өзгерістерді ескере отырып) немесе осындай тіркеуден босатуға немесе мұндай тіркеуге жатпайтын мәміле шеңберінде Америка Құрама Штаттарында тіркеусіз ұсынуға немесе сатуға болмайды.

Төмендегі ашылмалы мәзірден осы веб-сайтқа қай елден кіргеніңізді көрсетіңіз.

ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ - МАҢЫЗДЫ

ҚОЛ ЖЕТКІЗГІҢІЗ КЕЛЕТІН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАЛАРЫ ОСЫ ВЕБ-САЙТТА ТЕК АҚПАРАТТЫҚ МАҚСАТТА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН.

БҰЛ МАТЕРИАЛДАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ТҰРАТЫН НЕМЕСЕ ОРНАЛАСҚАН ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛМАҒАН ЖӘНЕ ОЛАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМСІЗ.

Бұл материалдар Австралияда, Канадада, Жапонияда, Оңтүстік Африка Республикасында немесе мұндай ұсыныстар немесе сатылымдар заңсыз болып табылатын кез келген басқа юрисдикцияда бағалы қағаздарды сатып алу немесе жазылу туралы ұсыныс немесе шақыру немесе оның бір бөлігі ретінде қарастырылмайды немесе қарастырылмауы керек.

Берілген материалдар АҚШ-та сатуға арналған бағалы қағаздар ұсынысы болып табылмайды. Осы материалдарға қатысты бағалы қағаздар АҚШ-тың 1933 жылғы Бағалы қағаздар туралы заңына (өзгерістерді ескере отырып) («Бағалы қағаздар туралы заң») сәйкес тіркелмеген және Америка Құрама Штаттарында тіркеусіз немесе тіркеуден босатусыз немесе Бағалы қағаздар туралы заңды тіркеу талаптарына сәйкес келмейтін мәміледе ұсынуға немесе сатуға болмайды. Бағалы қағаздар АҚШ-та жария ұсынылмайды.

Бұл материалдар да, олардағы ақпарат та жарнама емес және шектелмеген тұлғалар арасында таратуға арналмаған. Берілген материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына және осындай тұлғалардың немесе ұйымдардың құқық қабілеттілігіне қолданылатын кез келген басқа заңдарға сәйкес мұны жасауға құқығы бар жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстандағы бағалы қағаздарды қандай да бір қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаға немесе олардың мүдделеріне орай сатуға, сатып алуға, айырбастауға немесе өзге де жолмен беруге ұсыныс немесе шақыру болып табылмайды. Сіз осы материалдарда аталған құралдарды сатып алуға немесе басқа жолмен қызығушылық танытуға құқығыңыз бар-жоғын анықтауға және Қазақстан заңнамасының сақталуына сіз ғана жауаптысыз.

Егер Сізге осы веб-сайттағы материалдарды қарауға рұқсат етілмесе немесе осы материалдарды қарауға рұқсат етілгеніне күмәндансаңыз, осы веб-беттен шығуыңызды сұраймыз. Бұл материалдар Қазақстан Республикасынан тыс кез келген юрисдикцияға шығарылмауға, берілмеуге, таратылмауға немесе жіберілмеуге тиіс.

Берілген материалдарды қарауды жалғастыра отырып, Сіз төмендегілерді растайсыз, оларға кепілдік бересіз және келісесіз:

(i) Сіз Қазақстан Республикасында екендігіңізді растайсыз және осы веб-сайтта қамтылған кез келген материалды Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын кез келген тұлғаға бермейтіндігіңізбен немесе өзге түрде жібермейтіндігіңізбен келісесіз;

(ii) Жоғарыда айтылған жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдемені оқып, түсінгендігіңізді растайсыз және оның Сіздің құқықтарыңызға әсер етуі мүмкін екенін түсінесіз және оның шарттарын орындауға келісесіз; және

(iii) Сізге материалдардың электрондық нұсқаларына қол жеткізуге рұқсат етіледі.

Сіз Қазақстан Республикасынан тыс жерде екеніңізді немесе басқа жолмен келесі материалдарды көруге құқығыңыз жоқ екенін көрсеттіңіз. Өкінішке қарай, аталған себептерге байланысты Сізге бұл материалдарға қол жеткізуге рұқсат бере алмаймыз.

«Air Astana» АҚ IPO-ға шығу ниеті туралы хабарлады

«Эйр Астана» Акционерлік Қоғамы (өзінің еншілес ұйымы «Группа Эйр Астанамен» бірге) - Орталық Азия және Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялары тобы IPO-ға шығу ниеті туралы бүгін хабарлады. Jusan Invest бұл ұсыныстың ко-менеджері ретінде қатысады.

Баға диапазонын жариялау және роуд-шоуларды өткізуді қоса алғанда, өтінімдер кітабын құрастыру процесі (букбилдинг) «Эйр Астана» тобы оң шешім қабылдаған жағдайда 2024 жылдың қаңтар айының соңында басталады деген болжам бар. IPO өтетін уақыт туралы толығырақ ақпарат кейінгі хабарламаларда беріледі.

Букбилдинг кезінде өтінімдерді жинау процесі уақыт жағынан шектеулі болатынын ескере отырып, ықтимал сатып алушыларға өтінімді уақытында беру қадамдарын ертерек жасауға кеңес береміз. Мысалы, брокерлік шотты қазірден бастап ашқан жөн.

Jusan Invest-те брокерлік шотты оңай ашуға болады. Ол үшін:

• Jusan мобильді қосымшасын жүктеу
• «Инвестициялар» бөліміне өту
• Тіркелу қажет.

Біз барлық ақпаратты жариялап отырамыз. Жаңалықтардан дер кезінде хабардар болу үшін әлеуметтік желідегі біздің ресми парақшаларға жазылыңыз:
https://www.instagram.com/jusaninvest.qaz
https://instagram.com/jusaninvestkz
Телеграм Jusan Invest:
https://t.me/jusananalytics
https://t.me/jusaninvestqaz
Youtube канал Jusan Invest:
https://www.youtube.com/@JusanInvest
www.youtube.com/@JusanInvestQaz

Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз