14 ақпан 2022 г.

Jusan Invest 15 мың мектеп оқушысы арасында тегін білім беру марафонын бастады

Jusan Invest ESG саясаты аясында онлайн білім беру марафонын іске қосты. Қазақстанның әр аймағында оқитын 15 мың жоғары сынып оқушысы қатысатын жоба Jusan Academy платформасында жүзеге асады.
Онлайн білім беру платформасынан бөлек, Jusan Invest Қазақстанның барлық облысында 12 сынып оқушыларына арналған қаржылай сауаттылықты арттыратын элективті пәнді енгізуге атсалысты. Аталған курста мектеп оқушыларына қалай табыс табуға болатынын, инвестиция түрлері, отбасы бюджеті және қаржы алаяқтарынан қорғану жолдары туралы айтылады. Курсты аяқтаған оқушылар қаржылай сауаттылықтың күнделікті өмірде керекті базалық аспектілерін үйреніп шығады.
Jusan Academy-де қаржылай сауаттылықтан басқа келесі екі бағытта білім беріледі: жаңадан бастаушыларға, инвестиция саласында базалық білімі барларға және қаржы дағдыларын одан әрі дамытқысы келетін озық инвесторларға арналған курс бар. Курсты сәтті аяқтаған барша қатысушыларға сертификат табысталады. Күн сайын Jusan Academy-де Jusan Invest-тің 1000-нан аса клиенті білім алады.
«Қаржылық сауаттылық – бүгінгі қоғамның өміріне қатысу үшін қажетті дағдылардың бірі. Балалар ерте жастан қаржылық өнімдерді сұрыптап, отбасы бюджетін түсініп, өзінің қаржылық болашағына жауапкершілікпен қарауы керек. Олар мансап пен білім алудың түрлі нұсқалары арасында таңдау жасауға, жинақ шоттары, банк карталары және инвестициялау үшін пайдалануға болатын кез келген бос қаражатты басқаруға көмектесетін дағдыларды дамытуы керек»,
- дейді Jusan Invest Басқарма Төрағасы Нұрдәулет Айдосов.
Анықтама:
Jusan Invest АҚ – инвестициялық брокер және зейнет активтері мен клиенттердің активтерін басқаратын компания.
Jusan academy – қаржы сауаттылығынн арттыруға арналған тегін білім беру жобасы. Тәулік бойы қол жетімді курстар, тиімді онлайн формат, семинар мен вебинарлар, сондай-ақ, пайдалы сайттар және әдебиеттер жинағы барынша білім алуға мүмкіндік береді. Күн сайын Jusan Academy-де Jusan Invest-тің 1000-нан аса клиенті білім алады.
arrow rightJusan academy
ESG саясаты – ESG Jusan Invest саясаты – бұл қоршаған ортаға ұқыппен қарау, жоғары әлеуметтік жауапкершілік және жоғары сапалы корпоративті басқару қағидаттарына негізделген коммерциялық қызметті тұрақты дамыту саясаты.
arrow right ESG Jusan Invest саясаты
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз