Nef Qazaqstan компаниясы облигацияларын шығаруға Jusan Invest қаржы консультанты және андеррайтер ретінде қатысады

2022 жылдың 23 қарашасында “NEF Qazaqstan” компаниясы мөлшері 6 млрд теңгені құрайтын алғашқы қысқа мерзімді облигациялық купондарын АХҚО алаңшасында орналастырды.
Jusan Invest компаниясының бөлшек инвесторлар арасында ірі орналастырулардағы үлкен тәжірибесі мен “NEF Qazaqstan” компаниясының девеломпент саласындағы тәжірибесі арқасында инвесторлар кепілдендірілген облигацияларға ие бола алады. “NEF Qazaqstan” олбигацияларын ала отырып, сіз NEF тұрғын үйлерін әлем бойынша сатып алуға тиімді әрі арнайы мүмкіндікке ие боласыз.
Қор алаңшасы ретінде ағылшын құқықтарына сай жұмыс істейтін AIX биржасы таңдалды. Қор биржасын таңдарда “NEF Qazaqstan” биржа жұмыс істейтін ағылшындық құқыққа басымдық берді.
«Біз корпоративтік бизнестің дамуына тағы да үлес қосып, клиенттерімізге қосымша инвестиция құралын ұсына алғанымызға қуаныштымыз. Облигацияларды тағы бір сәтті орналастыра отырып, экономиканың нақты секторындағы компаниялардың қор нарығында капитал тарта алу мүмкіндігін растайды»,-деді Jusan Invest Басқарма Төрағасы Максим Кабанов.
Орналастыру шарттары:
Эмитент - «Nef Qazaqstan» ЖШС
Қаржы құрал түрі - Кепілдендірілген купондық облигациялар
Кепілдік беретін компания - Nef Global (Timur Gayrimenkul Geliştirme Yapı ve Yatırım A.Ş.)
Валюта - теңге
Мерзімі - 12 ай
Купон төлеу жиілігі - жылына 2 рет
Купон мөлшерлемесі - жылдық 20%
Биржа - AIX
Nef Qazaqstan облигацияларына инвестиция салғыңыз келетін сома өтінім беру кезінде Инвестициялар бөліміндегі брокерлік шотыңызда болуы керек.
Сатып алу