9 ақпан 2022 ж.

Jusan Invest победил в конкурсе от британского издания Global Banking & Finance Review

Британиялық Global Banking & Finance Review қаржы басылымы халықаралық “Global Banking and Finance Awards” аталымы бойынша әлемдік инвестиция нарғының көшбасшылары арасында өткізілген жарыстың жеңімпаздарын жариялады. 2022 жылы Jusan Invest үш аталым бойынша жеңімпаз деп танылды.
Global Banking & Finance марапаттары әлемдік қаржы қауымдастығында жүзеге асып жатқан инновацияларды, жетістіктерді, стратегияны, прогрессивті және шабыттандыратын өзгерістерді көрсетеді.
Сарапшылардың дауыс беру нәтижесі және Global Banking and Finance Review редакция коллегиясының шешімімен Jusan Invest 2022 жылы келесі аталымдар бойынша марапатқа ие болды:
“Asset Management Company of the Year Kazakhstan 2022” - «Активтерді басқару бойынша Қазақстандағы жыл компаниясы 2022»
“Best Mobile Trading Platform Kazakhstan 2022” - «Инвестициялауға арналан Қазақстандағы үздік мобильді платформа 2022»
“Most Innovative Online Broker Kazakhstan 2022” – «Қазақстандағы ең инновациялы онлайн брокер 2022»
«Бұл марапаттар – ең алдымен клиенттеріміздің еңбегі деп есептеймін. Клиенттерімізбен ашық диалогтың арқасында біз күн сайын сервисімізді жақсартуға тырысамыз. 2021 жылы біздің команда зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға арналған БЖЗҚ-мен келесім шарт жасады. Қазақстандағы бөлшек брокерлер арасында ең алғашқы болып халықаралық Euroclear депозитарийінде тікелей шот ашты. Инвесторларға арналған әлеуметтік желі және білім беру платформасын сәтті іске қосты.
Жалпы, мен үшін ең жоғары марапат – клиенттің алғысы. Біз өз өнімдерімізді британ журналы не жергілікті биржалар үшін жасамаймыз. Барлығын клиент үшін істеп жатырмыз. Егер біздің өнімдер клиенттің көңілінен шықса және ол бізді басқаларға ұсынатын болса - одан артық марапат жоқ»,
- дейдіі Jusan Invest Басқарма Төрағасы Нұрдәулет Айдосов.
Анықтама:
Jusan Invest АҚ – инновациялық брокер және клиенттердің активтері мен зейнетақы активтерін басқаратын компания.
Jusan academy – қаржы сауаттылығын арттыруға арналған тегін білім беру жобасы. Тәулік бойы қол жетімді курстар, тиімді онлайн формат, семинар мен вебинарлар, сондай-ақ, пайдалы сайттар және әдебиеттер жинағы барынша білім алуға мүмкіндік береді.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз