7 ақпан 2022 ж.

Jusan Invest ESG саясатын жариялады

Jusan Invest Компанияның тұрақты даму саласындағы элементтері мен негізгі принциптерін қамтитын әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік, корпоративтік басқару, сондай-ақ этикалық инвестициялау саласындағы ESG саясатын жариялады.
ESG саясатының негізгі принциптері келесідей:
  • Қоршаған ортаға мұқият жауапкершілікпен қарау;
  • Этикалық және жауапты инвестициялау кезінде ESG принциптерін ұстану;
  • Адам құқықтарын сақтау және барлығына бірдей қарым-қатынас жасау;
  • Ақпарат және қызмет ашықтығы
  • Клиенттер мүддесін қорғау;
  • Кибер қауіпсіздік және активтерді сенімді түрде сақтау;
Jusan Invest әр клиентіне қамқорлық таныта отырып, өз қызметтерін инклюзивті, қолжетімді және ең бастысы қауіпсіз етті. Jusan Invest активі 32,8 триллион еуроға бағаланған Euroclear халықаралық депозитарийінде тікелей шот ашқан алғашқы қазақстандық бөлшек брокер болды. Бұл Jusan Invest-ке активтерді сақтау сенімділігін барынша арттыруға және халықаралық нарықтардағы транзакциялар үшін кастодиан түріндегі делдалдарды алып астау арқылы комиссияларды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
ESG саясаты аясында Jusan Invest қоғамдық бастамаларға қолдау көрсетеді және әлеуметтік жобаларға қатысады. Сондай жобалардың бірі ретінде Қазақстандағы инвестициялауды насихаттау және қаржылай сауаттылықты дамытуға арналған – Jusan Academy жобасы.
Инвестицияларды саралау кезінде ESG принциптерін ұстану сізге неғұрлым негізделген инвестициялық шешім қабылдауға және ұзақ мерзімді перспективада жоғары табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. ESG тәуекелдерін инвестициялық үдеріске интеграциялау кезінде Jusan Invest инвестициялық қызметінде үш негізгі аспектіге назар аударады: минималдық инвестициялық шарттарды сақтау, қауіпсіз инвестицияны бағалау жүйесі мен үдерісін скринингтен өткізу, сонымен қатар, аталған қызметтерге мониторинг жасау. Jusan Invest өз қызметінде еңбек шарты, жас және гендерлік теңдік, сондай-ақ үздіксіз кәсіби дамуды қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік міндеттеме принциптерін ұстанады.
arrow right Политика ESG Jusan Invest
Анықтама:
Jusan Invest АҚ – инвестициялық брокер және клиенттердің активтері мен зейнетақы активтерін басқаратын компания.
Jusan Invest ESG саясаты дегеніміз – қоршаған ортаға ұқыпты қарау, жоғары әлеуметтік жауапкершілік және жоғары сападағы корпоротивті басқару принциптеріне негізделген коммерциялық қызметті түрақты дамыту саясаты.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз