Британиялық CFI.co басылымы Jusan Invest-ті 2021 жылдың "Үздік инвестициялық шешімдер" («Best Investment Solutions – Kazakhstan 2021») номинациясымен марапаттады

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында CFI.co қаржы басылымы ұйымдастырған халықаралық Banking Awards 2021 конкурсы нәтижесі бойынша Jusan Invest Үздік инвестициялық шешімдер («Best Investment Solutions – Kazakhstan 2021») номинациясын иеленді. CFI жыл сайын қаржы технологиялары мен инновация саласындағы әлемнің үздік компанияларын марапаттайды.

2021 жылы өте көп жұмыс атқарылды, нәтижесінде компания биік белестерді бағындырып отыр. Бүгінгі күнде Jusan Invest 100 мыңнан астым клиентер санымен жергілікті брокерлік компаниялар арасында көш бастап тұр. Клиент активтерінің қауіпсіздігі мен сенімділігін нығайтудағы команданың ерен еңбегін айтпай өтуге болмайды. 2021 жылы Jusan Invest Euroclear халықаралық депозитарийінде тікелей шот ашқан алғашқы қазақстандық брокер болды. Бүл дегеніміз - клиенттердің құнды қағазы тек сенімді жерде емес, сонымен бірге, ең маңызды халықаралық қаржы институтымен серіктес екенін көрсетеді. Одан бөлек Jusan Invest ҚР халқының қаржылай сауаттылығын арттыру мақсатында Jusan Academy білім беру платформасы мен инвесторларға арналған Radar атты әлеуметтік желіні іске қосты.

"Осындай жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін біздің компания 2019 жылдан бері көп жұмыс атқарып келеді. Біз ұсынған қызметтер мен өнімдер клиенттеріміздің көңілінен шықса болды. Мен үшін клиенттің алғысынан артық марапат жоқ",-деді Jusan Invest Басқарма Төрағасы Нұрдәулет Айдосов.

award

Анықтама:

  • Jusan Invest АҚ – инвестициялық брокер және зейнет активтері мен клиенттердің активтерін басқаратын компания.
  • Jusan academy – қаржы сауаттылығынн арттыруға арналған тегін білім беру жобасы. Тәулік бойы қол жетімді курстар, тиімді онлайн формат, семинар мен вебинарлар, сондай-ақ, пайдалы сайттар және әдебиеттер жинағы барынша білім алуға мүмкіндік береді. Күн сайын Jusan Academy-де Jusan Invest-тің 1000-нан аса клиенті білім алады.
  • Capital Finance International (CFI) — экономика және қаржы саласындағы маңызды оқиғаларды жазатын британиялық беделді басылым.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз