Jusan Invest БҰҰ Жаһандық шартына қосылды

Jusan Invest корпоратив бастама және тұрақты даму бойынша БҰҰ Жаһандық шартына ресми түрде қосылғанын мәлімдейді. Компания Тұрақты даму мақсаты аясында қоршаған ортаны сақтау, адам құқықтары, еңбек этикасы және тағы да басқа аспектілерде белсенді қатысуға ниетті. Қазіргі уақытта бастама әлемнің 165 елінен экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылыққа ұмтылған 21 000 астам компания мен ұйымды қамтиды.

Jusan Invest БҰҰ Бас хатшысына бастамаға қосылу ниетін жазбаша түрде ресми білдіріп, Жаһандық келісім принциптерін өз қызметіне енгізу міндетін алды. Сондай-ақ, компания бастаманың ашықтық туралы талаптарына орай, жыл сайын өзі жеткен жетістіктер нәтижесі жайлы мәліметті жариялап отыруға уәде берді.

БҰҰ Жаһандық шарты мүше болу арқылы компания өзінің операциялық, қаржы өнімдері мен стратегиясына экологиялық, әлеуметтік және корпоратив басқару (ESG) принциптерін енгізуді қолдайтынын көрсетеді. Jusan Invest БҰҰ Жаһандық шарты ұсынатын ғаламдық қатысулар желісімен тұрақты даму саласында ең үздік тәжірибе ауысу сияқты ерекше мүмкіндікті пайдалануға ниетті.

Jusan Invest компаниясы бастамаға мүшелігін өзінің ұзақ мерзімді стратегиясындағы маңызды кезең ретінде қарастырады және айтарлықтай өзгерістерге жету үшін БҰҰ Жаһандық шарты қауымдастығымен белсенді қарым-қатынас жасауды жоспарлап отыр.

Қосымша ақпарат үшін:
Анэль Аман, Jusan Invest PR менеджері
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз