5 сәуір 2022 г.

Jusan Invest Басқарма Төрағасы Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінде сөз сөйледі

image
Jusan Invest Басқарма Төрағасы Максим Кабанов Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі ұйымдастырған «Өсуге арналған инвестиция: академиялық және салалық перспектива» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты. Аталмыш жиынға НУ ЖБМ деканы – Патрик Дюпарк пен НУ ЖБМ профессорлары – Том Винаймонт, докторант; «Қаржы» кафедрасының доценті Бектемір Исмаилов қатысты.
Дөңгелек үстел тиімді нарық тұжырымдамасын талқылаудан басталды. Панельдік сессияның спикерлері тиімді нарық тұжырымдамасы, нарық тиімділігінен ықтимал ауытқулар, нарықтың құлдырауы туралы өз пікірлерін білдірді. Максим Кабанов пен Жоғары бизнес мектебі профессорлары тәжірибелі инвестор төтенше жағдайларды пайдалана алады, бірақ қарапайым инвестор нарықты болжауға тырыспауы керек, тек тұрақты және жүйелі түрде инвестициялауы керек деген пікірге тоқтады.
Анықтама:
НУ ЖБМ – Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Дьюк университеті жанындағы Фукуа бизнес мектебімен стратегиялық серіктесте әлемдік деңгейдегі бизнес мектебі болуға тырысуда. Жоғары білім сапасы, зерттеулер нәтижесі, халықаралық бағыттар және іскерлік қоғамдастықпен қарым-қатынас орнату арқылы өзін танытып жатыр.
Jusan Invest АҚ – инвестициялық брокер және зейнет активтері мен клиенттердің активтерін басқаратын компания.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз