1 наурыз 2022 г.

AIX Халықаралық қор биржасы Jusan Invest-ке “Ең үздік инвестициялық банкинг” және “Жыл серпілісі” марапатын табыстады

1 наурыз күні Astana International Exchange (AIX) Jusan Invest-ке екі марапатты ресми табыстады: «Ең үздік инвестициялық банкинг командасы» және «Жыл серпілісі. Jusan Invest командасы ҚР мемлекеттік облигациялары мен квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың еурооблигацияларын орналастыруға белсенді түрде қатысты. Бөлшек инвесторлар үшін 2021 жылы Қазақстандағы ірі құрылыс компания​​сы BI Group құрамына кіретін «Мегастрой» ЖШС-нің облигацияларын орналастыруы ерекше маңызға ие болды. Бұл AIX-тағы бөлшек инвесторлар арасында ең ірі орналастыру болып есептелінеді.
Бұл марапаттар Jusan Invest компаниясының 2021 жылғы ерекше көрсеткіштеріне негізделген. 2022 жылдың ақпан айында компания клиенттер саны бойынша қазақстандық брокерлер арасында көшбасшы болды. Jusan Invest өзінің инвестициялық платформасын белсенді түрде дамытып қана қоймай, сонымен қатар Jusan Academy-де тегін білім алу арқылы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға үлес қосып келеді.
award
На фото: Директор Департамента корпоративных финансов - Жанна Тулекова, Председатель Правления AIX - Ренат Бектуров, Председатель Правления Jusan Invest - Нурдаулет Айдосов.
Анықтама:
Jusan Invest АҚ – инвестициялық брокер және зейнет активтері мен клиенттердің активтерін басқаратын компания.
Jusan academy – қаржы сауаттылығынн арттыруға арналған тегін білім беру жобасы. Тәулік бойы қол жетімді курстар, тиімді онлайн формат, семинар мен вебинарлар, сондай-ақ, пайдалы сайттар және әдебиеттер жинағы барынша білім алуға мүмкіндік береді. Күн сайын Jusan Academy-де Jusan Invest-тің 1000-нан аса клиенті білім алады.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз